тез керек Берілген тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, жарнама жаз. Көлемі 60-70 сөз.

Хан Шатыр, естен кетпес ойын-сауық, сыйлықтар, жеңілдік, ойындар, тосынсый, қапы қалмаңыз, жұлдыздар, концерт, т.б.

Ответ
5 (1 оценка)
2
asetkhankyzyalua 2 года назад
Светило науки - 7 ответов - 0 раз оказано помощи

Ответ:

Хан Шатыр - әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Хан Шатыр СОСО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады.

Лорд Норман Фостердің қия­лынан шыққан сәулет ға­жайыбы – “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының ғи­ма­раты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архи­тек­ту­ра­лық жоба болып табылады. Тұ­ғыр­лы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаң­қасы фторполимермен қап­талған ұсақ тордан тұратын алып шатырдан тұрады. Қаптауға пайдаланылған фторполимер ЕТФЕ – жарықты молынан өткізе отырып, ғимараттың ішін ыстық пен суықтан қорғайтын ғажап құрылыс материалдардың бірі болып табылады. Нысан негізінен берік те тұрақты монолиттік металл қондырғыларынан тұрады. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 150 метр. Бұл алып құрылыстың ішінде пайдаланылған арнайы жапқыштар мен орнатылған желдеткіш қондырғылар арқаның құбылмалы ауа райы кезінде кешендегі ауаның температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құрылыс нысанының металл қаңқасы – 2300 тонна, шатырдың биіктігі – 150 метр.

“Хан Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орта­лық­тары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.

Бұл ғажап құрылыстың салынуына барлық қала тұрғындарымен қатар, әлемнің барлық жетекші сауда компанияларының өкілдері де тағатсыздықпен зор қызығушылық танытты. Тиімді жалға беру, бутиктер мен дүкендерді орналастыру шеберлігі жіті ойластырылғандықтан, сауда орындарында дүние жүзіне танымал бренділердің барынша кең көрініс тапқан «Хан Шатыр» орталығында Қазақстанда тұңғыш рет әлемге әйгілі Дебенһамс сауда желісінің әмбебап дүкені ашылды. Бұл компания 120 жылдан бері жаһандық сауда айналымында өзінің нәтижелі бизнесін сәтті жүргізіп келеді. Осы компания өнімдері сатылатын сауда орталығының көлемі 3 мың шаршы метрді құрап отыр. Сол сияқты мұнда Мұдо Цонцепт бренділерін сататын 1500 шаршы метр аумақта сауда орталығы ашылған. Бұл компания астаналықтарға қонақ үйлердің, мейрамханалардың, дәмханалардың және барлардың барлық қажетті бұйымдары мен техникаларын ұсынып келеді.

Бүкіл сауда алаңы 6 000 шаршы метрден асатын «Хан Шатыр» сауда орталығы Нұр-Сұлтандағы ең үлкен гипермаркетке айналған.

Сауда алаңдарынан басқа «Хан Шатыр» орталығында «РЫХОС СПА» фитнес және СПА орталықтары жұмыс істеуде. Ғимараттың әрбір қабатында мейрамханалар мен дәмханалар бар. Оларда дүние жүзі асханаларының тәжірибелі аспаздары астаналықтар үшін тіл үйіретін дәмді ас дайындап, ұсынып келеді. Ал алтыншы қабатта жүзу бассейні, аквапарк және [әмбебап, жабық жағажай орын алған. Осының нәтижесінде бұл орталыққа келіп демалушылар құс жолы биіктігінен Нұр-Сұлтанның көрікті келбетін тамашалай алуға мүмкіндік алып отыр.

«Хан Шатыр» орталығында бірнеше кинотеатрлар көрермендер үшін дүниежүзіне кеңінен танымал «Цһаплін Цінема» компаниясы әлемде шыққан соңғы жаңа фильмдерді ұсынып келеді. Бұл құрылыс ғимараты орналасқан алаңда ғажайып шатырмен қатар Нұр-Сұлтанда баламасы жоқ 38 метр биіктіктегі мұнара орналасқан. Сонымен бірге мұнда саяхат жасайтын монорельсті темір жол, 7 және 4 метр биіктіктегі кедергілері бар суда жүзу орталықтары бар.

Фаме Цітy ойын-сауық орталығы балаларға ғана емес, ересектерге де арналған 100-ден аса түрі бар ойындарын тамашалауға шақырады.

Фаме Цітy өзінің алуан түрлі қызықтыратын ойындарымен, ойын-сауық түрлерімен келген отбасылар үшін ұмытылмас әсер қалдырады. Келушілер ойын-сауықтың алуан түрін тамашалап, үрейлі үңгіртаудан пойызбен темір жолмен өтіп, «Алтын шахта» ойыны ұмытылмас бір сезімде қалдырады.

Міні Цітy, Фаме Цітy де орналасқан Мини қалашық. Ата-аналар ХанШатыр СОСО да сауда жасаған уақытында балаларды түрлі үйірмелермен, кәсіптік оқуға шабыттандырады.

Су Аттракционы - су каналдары және ағаш қайықтары бар, көтерілімі 4 м, құламасы 7 м, жан-жағы ағашпен және көрікті өсімдіктермен қоршалған аттракцион.

Астана қаласындағы өзінің түрі бойынша ең биік аттракцион, биіктігі 38 метр қызықтыратын ойын түрі еркін құлау сезімін сезінгілері келетіндер үшін арналған. Аттракцион Хан Шатырдың негізгі кіре беріс есігіне қарсы орналасқан. Құрылғы Италиядан әкелінген, өзінің алдын-алу және жылыту жүйесімен жабдықталған. Бір уақытта 12 адамға дейін сыйдыра алады.

Моно Рельс аттракционы созыңқылығы 500 м, Хан Шатырдың барлық периметрі бойынша өтеді. Биіктігі 25 м жерден барлық тамаша көріністі паш еткендей. 4 үңгіртаудан өтеді. Үңгіртаулар жарық пен анимацияға толы.

Объяснение:

10000000% дұрыс✅

Остались вопросы?