Семей полигонының жабылуы-мемлекетіміз егемендігінің жетістігі тақырыбына эссе жаз
Помогите пж
Ответ
3 (24 оценки)
20
kaskirbekmoldir 1 год назад
Светило науки - 1 ответ - 0 раз оказано помощи

Объяснение:

Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толды. Жарылыстан зардап шеккен аумақ 18 мыңнан астам шаршы шақырымды қамтыды. Осы аумақта тұратын қазақ «сынақ қояндарына» айналды. Алғашқы атом бомбасы (дұ­рысы заряд) сыналған уақыт –1949 жылдың 29 тамызы, тура сағат таңғы жеті. Әскерилер ес­телігіне сүйенсек, заряд 30 метр биіктікте, бетон бақан үстінде жарылған. Көз ілеспес жылдам­дықпен ұлғайған отты доп жерге қадалып, сосын аспанға көте­рілген. Отты шар көз жетер жер­дің топырағы ыстық күлге ай­налдырып жіберген. Сынақ алаңына байлап қой­ған жылқы, қойдың есі кетіп, жүні, терісі жидіп түсіп қалған. О, тоба! Байлаулы тұрған иттер­дің қорыққаны сонша, жүректері жарылып өлген. Аң-құстар жан­тәсілім алдында жанталасып жа­тыпты. Жарылыстан жанды ма­құлықтар түгілі қара жер тітір­кенді. Жарылыстар жер үстінде және ауада өткен бірінші кезеңде (1949-1962 жылдары) ауа мен топырақ ластанды. Екінші кезең­де (1963-1989 жылдары) жары­лыстар жер астына ауысты. Бұл кездегі экологиялық апат – сулар құтты бір жер жарықшағына сау­лап ағып, жоғалып кеткендей болды. Арналы өзендер (Шаған, Маралды, Мұқыр тағы басқасы) мен қыр құдықтары кеуіп қалды. Семей полигонында жиыны 456 ядролық сынақ жасалды. Елдің, тұрғындардың тағдыры көкпарға салынды. – Алғашқы зардаптар біздің ауылда 1951-1952 жылдан бай­қалды дейді үлкендер. Аяғын ба­са алмай қалған, ақсақ-тоқсақ адамдар саны күрт көбейген. Үкі­мет адамдары беймәлім дертті «бұл малдан жұққан бруцеллез ауруы» деп жалтарып, жасыруға бұйрық алыпты, – дейді техника және филология ғылымдарының кандидаты, сынақ полигонынан 60 шақырым жерде дүниеге кел­ген Бөденелі ауылының тумасы Асан Омаров ағамыз. Әу баста сыналғандарға 1953 жылдан бастап термоядролық бомбалар қосылды. Солардың ішіндегі ең қуаттысы 1953 жыл­дың шілде айына келсе керек-ті. Өйткені сол жолы бұрынғы Се­мей облысының Абыралы, Абай аудандары ауылдарының тұр­ғындары 20 күнге көшіріліп, тек 40 адам «тәжірибе жасауға» қал­дырылғаны мәлім. Осы қырық­тың бірі Талғат Слямбеков көзі тірісінде: «Сол күні аспан шайдай ашық еді. Ойымызда ештеңе жоқ, сыртта жүргенбіз. Бір уа­қытта ашық аспанда найзағай жарқ ете қалды. Іле алып саңы­рауқұлақ көкке көтерілді. Қатты толқыннан деміккендей болдық. ...Арада екі сағат өткеннен кейін әскери адамдар тікұшақпен келіп, бізді машинаға отырғызып, Шыңғыс тауының ішіне алып кетті. Осы жерде олар бізді есеп­ке алды. Үсті-басымызды дози­

Остались вопросы?